Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық еркін күрес шебері он жылдан кейін Олимпиада медалін иеленді

Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға 2012 жылғы Лондон Олимпидасының қола жүлдесі табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Белградта өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Біріккен күрес әлемі (UWW) мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылары Дәулет Шабанбайды құттықап, он жыл бұрын өткен Олимпиаданың қола медалін салтанатты түрде табыстады.

"Аллаға шүкір, мен көптен күткен медалімді алдым. Халықаралық Олимпиада комитетіне, Ненад Лалович мырзаға, Біріккен күрес әлемінің президентіне, Ұлттық Олимпиада комитеті мен ұлттық федерация басшылығына алғыс айтамын. Мен арнайы құттықтағаныңыз үшін ризамын. Біздің спортшыларымыз чемпион болсын!" – деді Шабанбай.

Айта кетсек, Лондон Олимпиадасында Дәулет Шабанбай еркін күрестен 120 келіге дейін өнер көрсеткен. Сол кезде ол бесінші орынға ие болды. 2019 жылы допинг-сынамаларды қайта тексеру кезінде Лондонда жүлделі орынға іліккен грузин палуаны Давид Модзманашвили мен өзбек спортшысы Артур Таймазовтың сынамасы оң нәтиже көрсетті. Екеуінің медалі кері қайтарылды. Ал Лондондағы жетістіктері жойылды.

Осылайша, Дәулет Шабанбай екі орынға көтеріліп, қол медальдің иегері атанды.

Талқылау