Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қауіпсіздігіне кепілдік алуға әрекеттер жасады": Қазақстанның экс премьер-министрі Тоқаевтың Назарбаевтан қандай артықшылығы барын айтты

Экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдин BILD YouTube арнасына сұхбат беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтан артықшылығы неде екенін айтты. Сондай-ақ қаңтар оқиғасының не себепті ұйымдастырылғанын баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қажыгелдиннің айтуынша, Қасым Жомарт Тоқаев келгелі Қазақстанда біршама өзгерістер болды. 

“Тоқаев жаңа қадамдар жасалатыны туралы, жаңа дәуір болатыны туралы айтып келе жатыр. Оның ішінде Конституцияға жаңа өзгерістер енгізілгені белгілі. Сондай-ақ ол өзіне қиын бола тұра елорданың атауын ауыстыру керектігін айтты. Әрине, бұл жерде халық бұл ұсынысты өзі бастағанын айтып, дауласуда. Мен оның сайлауға дейін көптеген мәлімдемелер жасайтынына сенімдімін. Оның ішінде қаңтар оқиғаларының артында нақты кімнің тұрғанын айтады деп ойлаймын. Ол бұған дейін өзін биліктен күштеп алып тастау әрекеті болғанын айтқан болатын. Қазір бұның бәрін айтуға Тоқаев моральді түрде дайын емес . Ол өте сауатты, білімді адам. Ол өзінің саяси тарихын өткенмен, соның ішінде қаңтардағы қанды қырғынмен байланыстырғысы келмейді деп ойлаймын”, – дейді Қажыгелдин. 

Оның сөзінше, Тұңғыш президент туралы заңды толығымен жойып, оның орнына “Назарбаевтың қарттығын” қамтамасыз ететін жаңа заң енгізу керек.

“Тоқаев үшін ең қиыны бұл оқиғалардың Назарбаевпен қатысы бары. Ол оған тиіспейтіні туралы сөз беріп алып, енді не істерін білмей жүр. Тұңғыш президент туралы заңды толығымен жойып, оның орнына “Назарбаевтың қарттығын” қамтамасыз ететін жаңа заң енгізу керек секілді. Оны саяси өмірге мүлдем араластырмау керек. Себебі, Назарбаев Путинмен кездесті. Осылайша қауіпсіздігіне қосымша кепілдік алуға тағы бір рет әрекет жасады. Бірақ оның қауіпсіздігі оның балаларын да қамтуы мүмкін емес. Олар барлық күш-қуатын пайдаланып, қылмыстық түрде байығанын бәрі біледі”, – дейді ол. 

Сонымен қатар оппозиционер бүгінгі таңда Қазақстанда сөз бостандығы барын айтады. 

“Ресейді қоса алғанда, бізді қоршаған республикалардың ешқайсысында сөз бостандығы біздікіндей емес. Бүгінгі таңда Қазақстан жаңалықтарында соғыс соғыс деп жазылады және бұл үшін 7 жыл жаза берілмейді. Қазақстандық прокурорлардың мәскеулік әріптестері блогерлердің соғыс деп атауына тыйым салу керектігін айтып жатқан көрінеді”, – дейді Қажыгелдин.  

Сондай-ақ ол “Қаңтар” оқиғаларының артында кім тұр деген сұраққа жауап берді. 

“Бұл жерде жоспар қарапайым болды. “Міне қараңдар Тоқаев әлсіз, жаппай тәртіпсіздермен күресе алмай жатыр” деп оны бұрынғы президент Назарбаевтың кепілдігімен денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығарып жіберу керек болды. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы офицерлеріне қару-жарақтары мен бөлімді тастап кету туралы бұйрық берді. Әрине, ол екі ортадағы хат тасушы болды. Менің ойымша, келесідей сценарий жасалды. Назарбаев өз қолына билікті алып, сенатор және өмір бойы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғысы келді. Осылайша келесі сайлауды өткізіп, жаңа президенттікке отбасы мүшелерінің бәрі сене алатын біреуді сайлайтын еді”, – дейді экс премьер-министр. 

Бірақ Қажыгелдин Назарбаев Тоқаевты президенттікке тағайындағанда өз шешімінен жаңылыспағанын сөз етті. 

“Назарбаев Тоқаевқа сенгенде өз шешімінен жаңылыспады деп ойлаймын. Ол күніне 4 шешім қабылдай алады және бір рет тұрып, төрт бағытта жүре алатын адам. Оның нақты ұстанымы мен нақты түсінігі жоқ болатын. Менің ойымша, Назарбаевты Тоқаевтан отбасы алшақтатты. Олар қол-аяқсыз жүргендей көрінетін еді ғой. Дариғаның да өз амбициялары болды. Президент Тоқаевтың кадрлық шешімдері дауға түсетін. Назарбаев онымен келісу үшін хаттамалық шешімге қол жеткізді. Бұл Конституцияға қайшы келетін жүйе ғой. Ақырында Тоқаев мінезі бар адам екенін көрсетті”, – дейді экс премьер-министр. 

Талқылау