Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз елімнің сарбазы едім": Қазақстандық бұрынғы әскери қызметші жыныстық ұстанымына байланысты қысымға ұшырап, Германияға кетіп қалған (видео)

Желіде Қазақстанда армиясында қызмет еткен бұрынғы әскери қызметші Исатай Әлиевтің видеосы тарады. Бейнежазбада ол  әскерде жыныстық ұстанымына байланысты қысымға ұшырағанын және Еуропада жаңа өмір бастағанын мәлімдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұрынғы сарбаздың оқиғасы туралы неміс басылымының мақаласында жазылған. 

Басылым материалдары бойынша, Исатай Әлібаев әскерде жыныстық ұстанымына байланысты зомбылыққа ұшырап, Еуропада жаңа өмір бастағанын айтады.

“Мен өз елімнің сарбазы едім! Өз көзқарасым үшін қаншама қысымға ұшырасам да, берілмедім. Түні бойы көз жасым көл болса да, оны ешкімге көрсетпедім. Мен алға қадам жасадым, енді өмірім бұрынғыдай болмайды”, – деп жазған ол жазбада. 

Германия әлеуметтік желі қолданушылары Әлібаевқа қолдау білдіріп, өз елінде әрбір тұрғын жыныстық таңдауын ашық білдіруге құқылы екенін атап өтті. 

Айта кетсек, бұған дейін Исатай Әлібаевтың Арыс жарылысы кезінде өлім аузында екенін айтып, ата-анасымен қоштасып жылаған видеосы желіде таралған еді. 

Еске сала кетсек, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов ЛГБТ өкілдері әскерде қызмет ете алады деп айтқан болатын. 

"ЛГБТ өкілдері – Қазақстан Республикасындағы барлық азаматпен тең және олардың мерзімді әскери қызметтен өтуіне ешқандай құқықтық кедергі жоқ. Олар қызмет ете алады. Бізде Конституция бойынша ешкімді кез келген мән-жайға қатысты кемсітуге болмайды", – деп жауап берген ол. 

Талқылау