Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел үш баласын Сайран көліне батырып өлтірмек болды

Келіншек Алматыдағы Сайран көліне үш баласын тұншықтырып өлтірмек болған. Бұл туралы Алматыдағы "Бақытты отбасы" орталығының басшысы Ақмарал Басирова Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда анасы Сайран көліне батырмақ болған үш бала құтқарылды. Балалардың кішісі 1 жас 2 айда болса, қалған екеуі – 3 және 4 жаста.

“Тағы да балаларын өлтіруге оқталу оқиғасы. Бұл жолы анасы балаларын Сайрандағы суға батырып өлтірмек болды. Екі бала суға шашалып қалған. Оларды кездейсоқ куәгерлер құтқарып қалды. Егер өтіп бара жатқан адамдар болмаса екі сәби тірі қалмас еді. Оларға анасы бірінші рет қастандық жасамаған көрінеді”, – дейді ол. 

Қоғам белсендісінің жазуынша, балалардың әкесі – үлгілі отағасы. Күндіз-түні жұмыс істейді.

“Пәтер жалдап тұрады. Көршілері балалардың анасы туралы жағымсыз пікірде. Әкесіне көзқорастары түзу. Қазір бүкіл отбасы аудандық ішкі істер бөлімінде. Біздің ауданның қамқоршылық кеңесі әрдайым еш әрекет істей алмайды. Біз іс қозғауды және балалардың анасын мәжбүрлеп емдетуді талап етеміз. Сағат 15:00-ден бастап психикалық денсаулық орталығын күтіп тұрмыз. Бірақ олар асығар емес. Балаларды тартып алғысы келген, бірақ әкесі бас тартпайды”, – деп жазды ол. 

Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды құтқарған жастар жедел жәрдем шақырып, №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына алып кеткен.

Қамқоршылық органдары мен Басированың аналарды қолдау орталығы әйелді мәжбүрлеп емдеуге жіберуді талап етіп отыр. 

 

 

Талқылау