Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезінде Баталовтың өзі лентасын қиған Талдықорғандағы IT hab ашылмай жатып жабылып қалды

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда сол кездегі облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі лентасын қиған IT-hab ақыры жабылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

IT-hab орталығы "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған. "Jetisy HUB"-тың ашылуына сол кездегі облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі келіп, жобаға үлкен сенім артып, лентасын қиған еді. Сол сәтте орталықтың іші осылай робототехникаға да, оқытатын маман мен тәлімгерлерге де толы болған. Ал орталықтың директоры сол кезде телеарналарға сұхбат берген еді. 

“1-ші класстан бастап 5-ші классқа аралығында Лего майншторм деген құрылғылармен жұмыс жасап, бестен жоғары қарай егер де баланың жетістіктері мықты болып жатса ардуин, векст деген жаңа наборлармен жұмыс жасап, ары қарай бизнес проект жасауға көмек береміз”, – деген болатын "JETISU HUB" IT орталығының директоры Әсет Мұхаммед. 

Директордың бұл сөздері жүзеге аспады. Барлығы сөз жүзінде қалды. Қазір орталықта керемет техникалардың біреуі де жоқ. Қазір қаңырап бос тұрған ғимаратқа қаланың тұрғын үй инспекциясы қоныстануда. Ал тұрғындар сүйіншілеп ашылып, көп ұзамай жабылатын дүниелерге таңғалмайтын болдық дейді. 

“Жастарды оқытты. Олардың бірін де жұмысқа орналастырған жоқ. Менің немерем оқыған. Үкіметтің ақшасын шашты да, болды, кетті. Ешқандай пайда жоқ. Ал әкімдік болса, IT-hab-тың ашылуынан не себепті жабылуы тез болғанын түсіндіре алмады”, – Гүлзахан Жотабаева. 

"JETISU HUB" IT бағдарламасын инвесторлар өздерінің шешімі бойынша, ақтай алмады, сол себепті жабылған болатын”, – дейді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Мәди Шакенов. 

Ал жақында ғана Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Талдықорғанға жұмыс сапарымен келгенде қалада қайтадан IT HUB ашылатынын Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми парақшаларында хабарлады. Ал халық жаңа облыс әкімі тұсында ашылғалы жатқан бұл жобаның да жүзеге асатынына күмәнмен қарайды.

Талқылау