Түркістан қонақүйінде төрт бала уланып, ауруханаға түскен: Олардың Алматыға би байқауына келгені белгілі болды
Алматыдағы Түркістан қонақүйінде уланып қалған оқушылар қалаға Ақсудан жарысқа келген болып шықты. Бұл туралы Павлодар облысының білім басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, “Кавказ ансаблі” би тобы өз бетінше Алматыда 9 шілдеде өткен “Би аренасы” атты байқауға жарысқа келген. Би тобының құрамында 8 бен 14 жас аралығындағы он тоғыз бала болған.
Шілденің 11-іне қараған түні "Түркістан" қонақүйінде зиянкестерге қарсы химиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Соны салдарынан 8, 12, 13 және 14 жастағы төрт бала уланған. Қазір олар орташа дәрежедегі улану диагнозымен ауруханада жатыр.
Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлық екенін жеткізді. Қазіргі уақытта олар тек инъекциялар мен таблеткалар қабылдап жатыр. Сәрсенбі күні балалар сараптамадан өтеді, соның негізінде оларды ауруханадан шығару туралы шешім қабылданады. Уланған бишілер 14 шілде емдеу орталығынан шығарылады деп жоспарлануда.
Білім басқармасы ансамбль жетекшісімен және зардап шеккен балалардың үш ата-анасымен облыс әкімінің орынбасары, білім басқармасының және бөлімінің өкілдері байланыста екенін алға тартты. Қазіргі таңда балаларды Павлодар қаласына қайтару мәселесі шешілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда балалардың химиялық заттан уланғаны жайлы айтылған еді. Қазіргі таңда бабалардың улануы бойынша Алматы қалалық ПД тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Егер жауаптылардың кінәсі дәлелденсе, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
