Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде екі баланы аялдама басып қалды

Өскеменде дүлей дауыл соғып, қаладағы біраз нысанды қиратып кетті. Тіпті қатты жел аялдаманы ұшырып, зіл темірден 10 және 12 жастағы екі баланы басып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Секундына 16 метр жылдамдықпен соққан жел көшедегі тал-теректі де тамырымен қопарып өтті. Салдарынан электр желілері үзіліп, бірнеше шағын аудан жарықсыз отыр. Қазір коммуналдық қызметтер тас-талқаны шыққан көшелерді жинап, қалыпқа келтіруде.



Ал, дүлей дауылға шыдас бермей, қаңбақтай ұшқан қос аялдама жақында ғана қойылған екен. Дұрыс бекітілмеген нысан екі қызды басып қалды. Зардап шеккен балалар бірден ауруханаға жатқызылды.

“Сол жақ жанбас буынының шығуы анықталды. Тез арада наркозбен баланың буынын орнына салып, төскке жатқыздық. Қазіргі жағдайы орташа. Жақсы деп айтуға болады”, – дейді ШҚО "Ана мен бала" орталығының бөлім меңгерушісі Ержан Солтанбеков.

Талқылау