AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел "Рахат" фабрикасында жұмыс барысында қолынан айырылған: Заңгер компанияны өтемақы төлеуден бас тартты деп айыптады

“Қазақстан” шоколады мен тәттілерімен танымал Алматыдағы Рахат фабрикасының қызметкері өндіріс орнында оң қолынан айырылған. Оқыс оқиға салдарынан мүгедек жанға айналған оған ұйым әлі тиісті өтемақы төлемепті. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің адвокаты Анна Чернова мәлімдеді. Оқиға мән-жайын Stan.kz тілшісі анқытап көрді. 

Адвокаттың айтуынша, Аза есімді алматылық әйел кондитерлік өнімдерді өндіруші болып жұмыс істеген. 2021 жылдың желтоқсанында ол бір қолынан айырылыпты.

“Жақында әріптестерімнен бұл оқиға жайлы естіп, қатты қаймықтым. Тіпті, ол туралы жазып отырғанымда көзіме жас та келді. Бұл жағдайды бастан кешірмек тұрмақ, елестетудің өзі қиын. Жазатайым оқиға туралы актіде жұмыс берушінің кінәсі айқын көрсетілген. Әйел 50% еңбек қабілеттілігінен айырылып, III топтағы мүгедек болып қалды”, – деп жазады адвокат. 

Заңгердің сөзінше, компания алдымен қызметкерді қиын жағдайда қалдырмаймыз деп уәде берген. Алайда мұның бәрі сөз жүзінде қалыпты. 

“Протез бен апатқа байланысты шығындар түгел өтелуі керек еді, бірақ түптеп келгенде, ұйым өтемақы төлеуден бас тартқан. Олардың бұл әрекеті адамгершілікке жатпайды. Енді зардап шеккен әйел бір қолсыз өмір сүруге дағдылануы керек. Ал компания болса сынған ыдысты қоқысқа тастай салғандай, бұрынғы қызметкерінің жағдайына қолын бір сілтеген”, – деп жазды Instagram парақшасында Анна Чернова. 

Оқиғаға байланысты Stan.kz ақпарат агенттігі "Лотте Рахат" АҚ-дан пікір алды. Компания жазатайым оқиғаның 2021 жылдың 22 желтоқсанында орын алғанын растады. 

“Аза компания қызметкері болып қалады және жарақат алған сәттен бастап оған толық көлемде еңбекке жарамсыздық парағы төленеді (орташа жалақымен есептегенде 100%), сондай-ақ оған ұжымдық шартқа сәйкес бастапқы мұқтаждықтары үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді.

Егер зардап шеккен қызметкеріміз жұмысқа кіріскісі келсе, оған бұрынғы лауазымынан төмен емес еңбекақы төлеу шарттарымен жеңіл еңбек жағдайындағы позиция беріледі. Бұдан басқа оған нақты мөлшерін сақтандыру компаниясы анықтайтын ай сайынғы сақтандыру төлемдері тағайындалады. Компания протез сатып алуға материалдық көмек көрсетеді. Сонымен қатар біз Азаның балаларын жоғары оқу орындарында кәсіпорын қаражаты есебінен оқытуға ұзақ мерзімді міндеттеме аламыз. Әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де қолға аламыз”, – дейді компания баспасөз қызметі. 

Ұйымның хабарлауынша, жазатайым оқиғалар кезінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мақсатында "Лотте Рахат" АҚ жыл сайын міндетті сақтандыру шарттарын жасайды.

“Азадан қажетті құжаттар алынғаннан кейін, оған келтірілген шығынды өтеу үшін сақтандыру компаниясына жіберілді. Жақын арада өтемақы мөлшері анықталатын болады. Біздің компания жұмыс орнында ашықтық, әділдік және қауіпсіздік саясатын жүргізетінін қайталаймыз. "Лотте Рахат" АҚ командасы Азаға алдағы уақытта көмекке беруге дайын”, – делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр