Өзенге велосипедпен келген: Ақмола облысында 6 және 9 жасар балалар суға батып кетті
Ақмола облысында екі бала өзенге батып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Первомайка ауылына жақын маңда Есіл өзені жағалауында 6 және 9 жасар ер балалардың батып кеткені жайлы ақпарат 15 маусым күні сағат 18.23-те Астрхан аудандық полиция бөлімшесіне келіп түскен. Үш бала өзен жағалауына шомылу үшін велосипедпен келген. Жандарында ересектер болмаған. Болған оқиға жайлы аман қалған үшінші 8 жастағы бала хабарлаған.
Ата-анасы байқамай қалған: Нұр-Сұлтанда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті
Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 14 бала қайтыс болған. Олардың ішінде төртеуі жол көлік апаты кезінде, үшеуі суға батып, бір бала уланудан, бір бала жоғарыдан құлап, бір баланы тоқ соғып және өзге де жағдайлардан көз жұмған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ