Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы байқамай қалған: Нұр-Сұлтанда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтанда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы елді мекеніндегі Silk Way демалыс орнында болған. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, шомылуға жабдықталмаған орында батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Құтқарушылар қыздың денесін бірнеше сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін тапты. 

ТЖД хабарлауынша, 21 мамыр күні демалыс орнының су қоймасы тексеріліп, сонда шомылуға жарамсыз туралы акт шығарылған. 28 мамыр күні бөлім қызметкерлері Silk Way демалыс орнында негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шомылуға тыйым салынатыны жөнінде ақпараттық стенд орнатылды. 


Балаларға жақсы жүзетінін көрсеткісі келген: Павлодарда колледж мұғалімі суға батып кетті


Ақмола облыстық ТЖД суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтануға шақырады: Жабдықталмаған, тексерілмеген орындарда суға сүңгімеңіз, суға мас күйде кірмеңіз, жаныңызда балалар болса, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару жилеттерін киіңіз. 

Талқылау