Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға жақсы жүзетінін көрсеткісі келген: Павлодарда колледж мұғалімі суға батып кетті

Павлодар облысында суға түсу маусымы басталмай жатып екі адам суға батып кетті. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайлы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

батып кетті

"31 мамырда Усолкада Торайғыров университетінің жоғарғы колледж мұғалімі балалармен жиын өткізген. Сосын балаларды өзен жағасына алып барып, қалай жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Бірақ күші жетпей, суға батып кетті", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Олег Трещев.

Келесі қайғылы оқиға Ақсуда болған. 11 мамырда балықшы қайықтан құлап, суға батып кеткен. 

Құтқарушылар демалыс кезінде қауіпсіз ережесін сақтауға шақырды. Трещев Усолкада 50-ден аса баланың үлкендердің қарауынсыз суға түскені туралы айтып, ата-аналарды баланы қараусыз қалдырмауға шақырды. Олардың төртеуі көпірден секірген. 

"Бұған дейін облыстық білім басқармасыменбірге ата-аналармен жиналыстар мен сабақ өткізілді, сыңнан аса ескертпе қағаздар таратылды. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", – деді ол.

Үш жылда бұл аймақта 81 адам суға, олардың 22-сі балалар. 

Талқылау