Диетолог майонез өнімі тудыратын ауруларды атады
Дәрігер-гастроэнтеролог, диетолог Нурия Дианова Ura.ru порталына берген майонез өнімі тудыратын ауруларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Артық салмақ, панкреатит, холецистит – бұл майонезге теріс әсер ететін негізгі үштік. Майонез қосылған кез-келген тағамның аясында майдың көп болуына байланысты тамақ арнасының әлсіреуі және қыжылдау процесінің жоғарылауы байқалады", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, майонез өте майлы өнім. Маман классикалық майонездің 100 грамм өнімінде шамамен 60 пайыз май бар екенін атап өтті.
"Егер оны майлылығы ең жоғарығ яғни 20 пайыздық қаймақпен салыстыратын болсақ, онда қаймақпен жасалған салат ұйқы безі мен өт қабына аз зиянын тигізеді", — деді ол.
Дианова дүкен майонезінің орнына үй майонезін таңдауды ұсынды.
Сондай-ақ, маман майонезді біртіндеп қаймақпен алмастыруға кеңес берді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"