Қарағандыда ер адам анасын пышақтап тастаған: Куәгерлер оқиға туралы айтып берді
Қарағандыда 34 жастағы азамат өз анасын пышақтап өлтіріп, ауласында тұрған тоғыз көліктің терезесін талқандап тастаған. Болған оқиға туралы куәгерлер байтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” анасына сілтеме жасап.
(Куәгер – Бейбарыс Еренғайып)
Анасын өлтірмес бұрын ер адам бұзақылық бойынша ұсталған. Бірақ полиция оның мас емес екенін анықтаған соң, оны жібере салыпты. Үйіне келген ол анасын өлтірген. Марқұмның денесін пәтеріне кіреберісте көршілері көріп, полицияны қайта шақырды.
Күдікті ауладағы тоғыз көліктің терезесін кеше балғамен ұрып талқандапты. Өре түрегелген тұрғындар көліктерін түгендеп сеңдей соғылысқан. Өз подьезіне қашқан оның ізімен көршілері де кіреді. Алайда ол пәтерінің кіреберісінде бет аузы қанжоса болған анасын кепілге алыпты.
“Екі пышақпен тіреп алған анасын, тұра жүгірдім. Содан қолындағы пышақ құлап түседі, екінші пышағын анасы тартып алады. Сол кезде мен әрекетке көштім. Қолынан басып қалдым да, бір екі рет ұрдым. Жерге жатқызып алдым, ол айғайлай бастады. Тыныштыққа сабырлыққа шақырдым да, полиция қызметкерлерін күттім”, – дейді куәгерлердің бірі Бейбарыс Еренғайып.
Көршілер ұстаған күдіктіні алып кеткен полиция оны екі сағаттан соң үйіне қайтарған.
Марқұмның көршілері 70 жастағы Людмила Мельникова араққа салынған екі егіз ұлымен алысып қартайды дейді. Бірақ кеше сау болды деген күдіктінің көліктерді талқандап, анасына қол жұмсағанынан полиция қалайша секем алмады деп таң.
“Анасының көкала қойдай болып таяқ жегенін полицейлер көрді. Оны тым құрығанда, таңға дейін қамауда ұстап, психикалық сараптамадан неге өткізбеген? Анасы баласына қарсы арыз жазбаған да шығар, бірақ араққа салынған оның ақыл есі ауғаны көрініп тұратын”, – дейді марқұмның көршісі Лариса Епифанцева.
Көршілерінің айтуынша Людмила Мельникова Ресейде тұратын қызының қолына кетуге жиналған екен. Ертеңге билет те алып қойыпты. Жұмыссыз жүрген ішкіш ұл мен анасының арасындағы дау да содан тууы мүмкін дейді олар.
Еске салсақ, Қарағандыда бұрын бұзақылықпен ұсталған азамат анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткен.