Талдықорғанда 18 жастағы қыз кейуананың зейнетақы жинағын ұрлап, өз кредитін жапқан
Талдықорғанда бойжеткен 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы қыз зейнеткер әйелдің 3,5 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Полиция 1,7 млн теңгені тауып, заңды иесіне қайтарды. Ал қалған соманы бойжеткен өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін өтеген.
Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені анықталды. Соңғы екі ай бойы ол зейнеткердің пәтерінде тұрған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы "Ірі мөлшердегі ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір күдіктіні қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр, деп мәлімдеді полиция департаменті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар