AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина соты екі ресейлік әскериді 11,5 жылға бас бостандығынан айырды

Полтава облысының соты Ресей әскерилері Александр Бобыкин мен Александр Ивановты соғыс салттары мен заңдарын бұзғаны үшін 11,5 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Харьковтың бейбіт аудандарына оқ жаудырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Бобыкин мен Иванов соғыстың алғашқы күнінде Харьков облысындағы Дергачи ауылын алдымен Ресей аумағынан, содан кейін Украина аумағынан атқылап, азаматтық инфрақұрылым мен тұрғын үйлерді қиратқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс.

Кейін күдіктілерді украин әскерилері тұтқындады. Сотта екеуі де кінәсін мойындады.

Мемлекеттік айыптау оларды осы бап бойынша ең жоғары жаза – 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушысы әскерилерді сегіз жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Осылайша оларды сот 11,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Бұл Украинадағы соғыс заңдарын бұзған Ресей әскерилеріне қатысты шығарылған екінші үкім. Украина прокуратурасының мәліметінше, тағы да осындай мыңдаған қылмыстық істер қаралуға дайындалуда.


Кремль Украинадағы соғыстың қашан аяқталатынын мәлімдеді


23 мамырда Киевтің Соломен соты аймағында бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған сержант Вадим Шишимаринді өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

Шишимаринге Чупаховка ауылының 62 жастағы тұрғыны Александр Шелеповты өлтірді деген айып тағылды. Сержант бірінші сот отырысында-ақ өз кінәсін мойындады. Сот процесі бір аптаға созылды. 

Ресей Қорғаныс министрлігі Шишимаринмен болған жағдайға түсініктеме берген жоқ. Кремль ақпараттың жетіспеушілігін сылтау етті. 

"Әрине, азаматтарымыздың тағдыры бізді алаңдатады. Өкінішке орай, олардың мүдделерін сол жерде қорғауға мүмкіндігіміз жоқ", – деді Кремль өкілі Дмитрий Песков үкім шыққанға дейін. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр