Қазақстанда "тіреуі бар" деген көзқарас пен рейдерлік болмауы керек - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда “тіреуі бар” деген көзқарас пен рейдерлік болмауы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біздің елде “тіреуі бар” (крыша) және рейдерлік деген көзқарас болмауы керек. Егер бизнесте адал жұмыс істеуге дайын болса, егер ол креативті, заманауи ойлы болса, оны қолдап, оған ұлттық экономиканың жаңа моделіне енуге көмектесу керек",-деді Тоқаев Ақордадағы бизнес өкілдерімен кездесуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары тарапынан рейдерлік немесе негізсіз қысым жасаудың әрбір анықталған фактісі бас прокурордың жеке бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.
"Мұндай істерді аяғына дейін жеткізу қажет", - деп атап өтті ол.
Президент 2019 жылы мен өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс деп айтқанын еске салды.
“Бұл Бас прокуратураның жұмысы. Алаяқтармен күресу керек, тағы айтайын, алаяқтармен, аферистермен күресу қажет. Бірақ артық қыламыз деп тыртық қылмауымыз керек", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылатыны хабарланған.