AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда екі полиция басшысы сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысында көші-қон режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін Өзбекстан азаматынан пара алған Павлодар қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі бастығының орынбасары 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылды.

Бұдан бөлек Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылған.

Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алып келді.

27 сәуірде кезекті рет пара алып жатқан жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр