Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыйым салынған құмар ойыннан 272 миллион теңге ұтып алған монах ақшасын халыққа таратты

Таиландта буддисттік ғибадатханаларының бірінің монахы лотереядан 18 миллион бат (272 миллион теңгеге жуық) ұтып алып, мұқтаж жандарға таратып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап. 

Накхонпан провинциясындағы Тхат Пан ғибадатханалар кешенінің бірінің 47 жастағы қызметшісі алған ұтысын көшедегі мұқтаж сатушыларға таратып берді. Сондай-ақ, ғибадатханаларға, мектептерге, мемлекеттік мекемелерге және жеке ұйымдарға төрт миллион бат сыйға тартты.

Тай монахының мейірімділік әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Негізінен лотерея діни қызметкерлер үшін тыйым салынған құмар ойын. Ал қайырымдылық жасаған азамат бұл туралы білген. Сол себепті ер адам ұтып алған батпан құйрықтың "періштелерге тиесілі" екенін, өзіне ешқандай ақша қалдырмайтынын айтты.

Монах 500 мың бат ақшасын қарапайым адамдарға көмектесу үшін бөлді. Көмек таратылған ғибадатхананың алдына адамдар үлкен кезекке тұрды. Провинцияда коронавирустық жағдайдың нашарлауынан қорқатын полиция қызметкерлерді ғибадатханаға кіруді шектеуге мәжбүр болды.

Coconuts басылымының ақпаратына сәйкес, 2020 жылы Нахонпханом провинциясының монахтарының бірі 18 миллион бат жеңіп алып, қаражатты мұқтааждарға таратпақ болған. Алайда, ақша талап еткен жүздеген адамдар оның соңына түсіп алады. Осылайша ер адам басқа провинциядағы ғибадатханаға көшуге мәжбүр болған. 

Талқылау