Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанға санкция салу керек" деген сөзден кейін ұлыбританиялық депутат СІМ-ге шақырылды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания парламенті депутаттарының бірі Қазақстанға қарсы санкциялар енгізуді талап еткеннен кейін британдықтар тарапының түсіндірмесін күтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетейік, жақында Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Украинадағы әскери арнайы операцияға байланысты Ресейге қарсы салынған санкцияларды талқылау кезінде Қазақстан мен Әзербайжанға да қарсы санкция енгізуді ұсынған еді. Ол Қазақстан мен Әзірбайжанды “Путинді қолдаушылар” деп мәлімдеді. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс бұл мәселені зерттейтінін айтты.

"Бұл парламентте сөз сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі (Кэти Лич) бүгін сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан осы жағдайға қатысты түсініктеме күтеміз", – деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев парламент кулуарында.

Журналистер вице-министрден Владимир Жириновскийге (Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты) ұқсас Ходжға да санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады. СІМ өкілі мұндай мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берді.

Қаңтар оқиғасынан кейін дәл осы Маргарет Ходж Қазақстанның "клептократиялық элитасына" қарсы санкциялар енгізуді ұсынған еді.

Талқылау