Таразда болған атыстың видеосы тарады
Таразда белгісіз тұлғалар арасында атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 25 ақпанда сағат 22:30 шамасында "102" пультіне Тараздағы Абай даңғылы бойында орналасқан "Discovery" кафесінде белгісіз тұлғалар арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі адам ауруханаға жеткізілді", – деді облыстық полицияның баспасөз қызметінде.
Оқиға орнына жедел түрде кезекші полиция жасағы мен патрульдік полиция жіберілді. Мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты