Ұлттық банк 104 млн долларға валюталық интервенция жүргізді
Ұлттық банк базалық ставканы көтеруге қатысты шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк кезектен тыс шешім қабылдап базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке дейін көтерді.
"Бұл қадам геосаяси жағдайдың ушығып кетуі кезінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Мұндай сценарий мен жоспар Ұлттық банк пен үкіметтің антикризистік шарасы ретінде қарастырылып, соның аясында іске асырылды", – делінген хабарламада.
Ұлттық банктің хабарлауынша, ақша-несие комитетінің бұл шешімі ел экономикасына сыртқы дағдарыс әсерінің алдын алуға, теңге активтерін сақтау және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
"Тиісінше өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 14,5%-ды және өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша 12,5%-ды құрайды", – деді Ұлттық Банк.
Ведомстводағылардың хабарлауынша, Ұлттық банк валюталық интервенция жасау құқығын қалдыра отырып, теңгенің еркін айналым режимін сақтайды.
24 ақпан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Ұлттық банк 104 млн АҚШ доллары соммасына интервенция жасады. Осы аптадағы валюта интервенциясының жалпы сомасы 137 млн АҚШ долларын құрады.