Украина Түркиядан қолдау сұрады
Украинаның Түркиядағы елшілігі Анкараны "қиын уақытта" Киевке қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы дипломатиялық миссияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дипломаттар Ресейді Украинаға қарсы соғыс бастады деп айыптап, Түркиядан көмек сұрады.
"Біз стратегиялық серіктесіміз Түркия мен достас түрік халқын осы қиын уақытта бізді қолдауға шақырамыз", — деді елшілік.
Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді.
Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан