Зеленский Украинада соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз Украина аумағында соғыс жағдайын енгіземіз", – деді Зеленский халқына жолдаған бейнеүндеуінде.
Украина президенті ресейлік әскерилердің бірнеше нысандарға соққы жағасанын қосып өтті. Сонымен қатар тұрғындардан сабыр сақтап, үйде қалуды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Путин Украина арнайы операция жүретінін мәлімдеген. Бұдан кейін Украинаның бірнеше қаласында жарылыс дауыстары естілген.
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған
"Ертең жұмысқа келмей-ақ қой": Күтпеген жерден жұмыстан шығарып жіберсе, не істеу керек
Заңгер жұмыстан шығарылған қызметкер қандай өтемақы алатынын түсіндірді