Украина әуе кеңістігін жапты: Қазақстандықтар қайда хабарласа алады
Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті жедел қызмет желісі нөмірлерін хабарлады: +7 7172 798213, +7 7172 798215
Колл-орталық 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-18:30 аралығында жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский үкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады.
Сондай-ақ Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді.
Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан