Әйел кездейсоқ жағдайда туған ағасынан үш бала босанған
Руанда тұрғыны өзі білместен ағасының балаларын дүниеге әкелген. Әйел шындықты білгеннен кейін одан кетуге шешім қабылдаqды. Бұл туралы Кениялық Tuko басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
44 жастағы Мукандамаге Домитила анасының өзін өмірге әкелгеннен кейін бір жыл өткен соң көз жұмғанын айтады. Бұдан соң бірнеше жылдан кейін ол әкесінен айрылады. Сол себепті отбасының туыстары ерлі-зайыптылардың балаларын тәрбиелеу міндетін бөліп алады. Осылайша ағасы екеуі екі жаққа кеткен. Әйелді өсірген отбасы оған ағасы бар екенін айтқанмен, қарындасы оны мүлдем іздеуге құлшынбағанын жеткізді.
Көптеген жылдар өткен соң әйел үй қызметшісі болып жұмыс істейді. Бір күні жұмысын бітіргеннен кейін ол қаладағы бір ер адаммен танысады. Жастар тез арада ортақ тіл табысып, көп ұзамай бір-біріне ғашық болады. Кейін бірге тұрып, үйленеді. Осы аралықта ерлі-зайыптының үш баласы дүниеге келеді.
Бір күні туыстарынан алған хабар жұбайлардың бақытты өмірінің шырқын бұзады. Тосыннан естіген жаңалықта Домитила мен оның күйеуінің –туған ағалы-қарындасты бауырлар екені айтылады. Осылайша бұл ауыр хабар африкалық әйелдің өміріне қатты әсер етеді. Ол үйге қамалып, сыртқа шықпайды. Тіпті су алуға бармайтын болады.
Домитиланың айтуынша, адамдар оның балаларын мазақ етіп, олардың туыс қаннан туғанын еске салып отырған. Сондықтан әйел ағасы әрі күйеуін тастап кетуге шешім қабылдайды.
Содан бері бес жыл өткен. Ер адам ешқашан бұрынғы сүйіктісімен және балаларымен байланысқа шықпапты. Африкалық құрылысы аяқталмаған үйде тұрады, ал оның екі баласы аурудан зардап шегеді. Домитила үйін салып, балаларын емдету үшін мейірімді жандардан көмек сұрайды.