AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғандар Түркиядан бірнеше пәтер сатып алған

Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларының иелерінен тәркіленген мүлікті жариялады. Олардың ішінде шетелде сатып алынған нысандар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бүгінде қаржы пирамидасын құру бойынша 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Олардың ішінде 36 қылмыскер сотталды. Басқаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары кезінде ақшаға, жылжымайтын және жылжымалы мүлікке бұғау салынды. Жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асады. Соның ішінде жеке меншік үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, көлік құралдары, бизнес орталықтар және тағы басқа мүліктер бар", - дейді тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов. 

Cонымен қатар департамент бастығы Маңғыстау облысында шығарылған сот үкімін мысалға келтірді.

"Plus Capital" ЖШС жылжымайтын және жылжымалы мүлікті жоғары бағамен сатып аламыз деп, 640 адамды алдаған. Тергеу кезінде 450 көлік құралы, 3 жеке меншік үй мен бір жер учаскесіне бұғау салынды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ашқандар 6 жылға бас бостандығынан айырылды. "Nome Avto Invest" ЖШС де тура солай халықты алдаған. Осы іс бойынша 11 пәтер мен 67 көлікке тыйым салынды”, – дейді ол. 

Әділовтың айтуынша, қаржы пирамидаларының бір ерекшелігі сол, басшылары көп жағдайда шетелде жүреді және шетел азаматы болады. Осыған байланысты халықаралық арналар арқылы күдіктілер анықталып, халықтың ақшасына қандай активтер сатып алғаны және қай жерде есепшот ашқаны тексерілген. 

“Мәселен, "Teletrade D.J.Limited" басшылығына қатысты тергеу аясында басқа елдердегі, атап айтқанда, Армения, Латвия, Литва мен Ресейдегі банк есепшоттарында 700 мың АҚШ доллары мен 130 мың еуро жасырғаны анықталған. Сондай-ақ қонақ үй және Түркиядағы үш пәтер сияқты активтер бар болып шықты. Іс сотқа жіберілді. Барлық мүлікке бұғау салынды”, – дейді тергеу департаментінің бастығы. 

Оның айтуынша, бүгінде инвестицияларға қызығатын адамдар көбейген. Алаяқтар осыны шебер пайдаланып кетеді. Қаржы пирамидаларын инвестициялық компания деп таныстырып, халықты барынша көптеп тартуға тырысады.

"Алаяқтар заңды микроқаржы ұйымдарының атын жамылып алдайды. Кейде өздерін букмекерлік кеңсе, тұтынушылық кооператив, жабық инвестициялық қор деп таныстырып жатады. Әлеуметтік желіде белсенді жарнама жасап, онлайн табыс немесе жоғары пайдасы бар жобаларды ұсынады. Танымал мессенджерлерде чаттар ашып, сан алуан ұтыстармен, сауалнамалармен және тағы басқа маркетингтік айла-амалдармен халықты көптеп тартады", - дейді Әділов.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы уақытта қаржы пирамидалары арқылы халықты алдау әрекеті күрт көбейген. Республика бойынша 31 мыңнан астам адам алаяқтардың қармағына ілініп, жалпы сомасы 54 миллиард теңгеден айырылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр