Қызылордада ломбардтан 300 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланды
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардтан алтын бұйымдар ұрлаған екі адам қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға жаппай тәртіпсіздік күні – 5 қаңтарында болған. Екі адам облыс орталығындағы ломбардтан алтын бұйымдар ұрлаған.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен “Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық” қылмыстық іс тіркелді. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының 2 тұрғыны қолға түсті", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған. Тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Еске салсақ, Қызылордада тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалып жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар