Алматыдағы балабақшада балалар бір-бірін ұрып жатыр: Видео желіде кең тарады
Қазақстандағы балабақшалардың бірінде тағы бір жан түршігерлік оқиға болды. Бұл жолы балалар бір-біріне күш қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше баланың бір балаға жабылып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған.
Алдын ала мәлімет бойынша оқиға Алматыда болған.
“Видеода баланы ұрып-соғып жатыр. Ұрып жатқандар – кішкентай ұлдар мен қыздар. Алдын ала мәлімет бойынша, олар мұны мұғалімнің жетекшілігімен жасаған. Уәкілетті органдардан ресми ақпарат күтеміз”, – делінген желіде тараған ақпаратта.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр