Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айлин, Әлихан, Медина: Елордадағы нәрестелерге ең жиі қойылатын 30 есім айтылды

Елордада жылдың 11 айында жаңа туған нәрестелерге ең жиі қойылған 30 танымал есім аталды. Аудандық әкімдіктің мәліметінше 2021 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін бас қалада 32 146 сәби туу туралы куәлік алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы ең танымал есім Айлин болды. Бұл атты 437 жаңа туған қыз алды. Екінші орынды 414 сәбиге қойылған Медина есімін иеленді. Қыздарға қойылатын топ 15 есімдерге: Айша, Әмина, Томирис, Аяла, Айзере, Раяна, Сафия, Асылым, Айару, Мәриям, Айым, Айша, Зере кірді. 

Ұл балалар бойынша бұл жылы 360 бала Әлихан аталған. Топ 15-тің құрамына: Әмір, Алан, Әли, Алдияр, Арлан, Омар, Альтаир, Айсұлтан, Санжар, Ыбырайым, Ислам, Рамазан, Ерасыл, Арсен сияқты есімдер кірді.

Шахарда сәби сүю көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда үш мыңға өскен. Некені ресми тіркеген жаңа отбасылар саны да жоғары. 2020 жылы 9571 адам шаңырақ көтерген.

Сонымен қатар мамандар қазіргі таңда жанұя құру туралы көзқарас шешімдерге адамадардың толықтай ойланатынын айтады. Осыдан 4-5 жыл бұрын жас жұбайлардың орташа жасы 22-23 болса, қазір 26-28 ді көрсетіп тұр. Тек жастар емес, ересектер арасында 50-60 жаста тіпті 70-ке келіп те неке қиып жатқандар бар.

Талқылау