Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлықтар Dior бренді көзі тым кішкентай қызды таңдап алғаны үшін ашуланған: Фото үшін кешірім сұрауға тура келді

Қытайлық фотограф Dior брендінің жарнамасына түскен қытайлық модельдің портреті үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “ВВС” басылымына сілтеме жасап.

Қыздың көзінің қысықтығы әлеуметтік желіде талқылауға түскен.

12 қарашада  Dior сөмкесін ұстаған қыздың суреті Шанхайда өткен көрмеге қойылған. Бұл портрет жергілікті әлеуметтік желілерде, содан кейін қытайлық БАҚ-та тез тарап кетті.

Негізінде жергілікті модельдерді жарнамаға таңдаған кезде көзі үлкен болуы шарт болатын. Алайда бұл жарнамалық суретке көзі кішкентай қызды түсірген.

суретке қатысты наразылық білдірушілер фотограф Чен Ман көзі қысық, бет-әлпеті сұсты қызды әдеиі таңдап алып, Батыста терең тамыр жайған азиялық келбет туралы стереотиптерді нығайтты деп айыптады.

"Батыс осы жылдар ішінде көзі қысық және бетінде сепкілі бар азиялық әйелдің белгілі бір бейнесін қалыптастырды", – деп жазады Beijing Daily өзінің редакциялық бағанасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары да осыған ұқсас пікірлер қалдырған. Олардың кейбіреулері бұл фотоны көрген батыстықтар қытайлық әйелдерді қорлайтын болады деп жан ұшырды. China Women's News басылымының хабарлауынша, қабағы ісінген модельдің бейнесі көрермендерге ұнамаған. Кейбіреулер тіпті француз брендіне бойкот жариялады.

Бұл ретте кейбір әлеуметтік желі қолданушылары фотограф пен оның жұмысын қолдап шықты.

Сынға түскен фотосурет экспозициядан алынып тасталды, фотограф пен сән бренді кешірім сұрауға мәжбүр болды. 

"Мен өзімнің жетілмегендігіме және білімсіздігіме өкінемін. Мен Қытайда туып-өстім. Менің өз еліме деген махаббатым шексіз", - деп жазды Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде Чен Ман.

Талқылау