Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртке оранды
Елордада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. "Целинный" аялдамасында автобус өртенгені хабарланды.
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растап, оқиға туралы хабарламаның 18.44 -те түскенін нақтылады.
"Байқоңыр" ауданында, Кравцова көшесі, 9а бойында аялдамаға жақын жерде маршруттық автобус өртенді. Оқиға орнына No17 өрт сөндіру бекетінен жеті қызметкер мен бір техника шықты.
№28 автобустың мотор бөлімі өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндіру қызметі келгенше өрт сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар