Ақтау орталығында 15 миллион теңгеге салынған пластикалық қызғалдақтар сынып жатыр
Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындарына эстетикалық көрініс тарту етіп, өңірге туристерді тарту үшін салынған "гүл бағы” құлап жатыр. Халық құрылыстың сапасыздығына наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada порталына сілтеме жасап.

Кейбір жерлерінде гүлдер құлаған.

Басынан бастап-ақ газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция тұрғындардың ашуын тудырған.
Lada.kz 24 қазан күні пластикалық қызғалдақтарды суретке түсірген. Олардың кейбіреулерінің сынғанын байқауға болады.
Шенеуніктер Ынтымақ алаңындағы бұл пластиктен жасалған “туындыны” “Гүлденген дала” декоративті жүйесі деп атаған.

Әкімдікте хабарланғандай, бұл декорациялық инсталяцияны "Clover media group" ЖШС жасаған.
Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаны іске асыру құны 15 404 000 теңгеге бағаланған.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"