"MadMEN" тобының мүшелеріне қатысты іс не болып жатыр: Полиция жауап берді
Отандық "MadMEN" музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде "MadMEN" музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам "мефедрон" синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді Ерлан Омарбеков.
Еске салайық, ,бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында “MadMen” тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды. Есірткі қылмысына қатысы бар “MadMen” тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр