Есірткі қылмысына қатысы бар Mad Men тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталған Mad Men Q-pop-тобының мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілерге қатысты іс Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі - "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сараланған.
Аталған бап мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Еске салайық, Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында Mad Men тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген