Қазақстандық ғалым аспирин дәрісін қолдану қауіпті екенін мәлімдеді
Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман аспирин дәрісін күн сайын қолданудың зияны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі ғалым Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында АҚШ-тың (US Preventive Services Task Force) профилактикалық медицина жедел тобы зерттеулерінің нәтижелері туралы жазды. Олар төмен дозалы (81-100 мг) аспиринді күнделікті қабылдаудан бас тартуды ұсынған. Бұл - жүрек ауруы мен колоректалды рактың бастапқы профилактикасы үшін қажет.
"Зерттеу тобы аспирин қабылдаудан қан кету қаупі жоғарылайды деген шешімге келді. Аспирин қабылдаған адамдар пайдасы мен тәуекелін өлшеу үшін дәрігерлермен кеңесу керек. Ацетилсалицил қышқылы (Aspirin) және clopidogrel (Plavix) сияқты антиагреганттық препараттарды қабылдаудан қан кету қаупі жоғары, бұл азиялықтардың, атап айтқанда корейлер мен жапондардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты, бұл антиагреганттық препараттардың ассимиляциясында (метаболизденуінде)" - деп жазды Алмаз Шарман.