Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш бала жабылған": Оралда кісі қолынан көз жұмған жігіттің туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етті

Орал қаласының қақ ортасында кісі қолынан өлген жігіттің туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етіп отыр. Олардың айтуынша, полиция күдікті ретінде бір адамды ғана ұстаған. Алайда оның қандықол серіктері әлі бостандықта жүрген көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Туыстары марқұмның түнгі клубта әлдекімдермен төбелесіп қалған ауылдасына араша түсуге барғанын айтады. Бірақ оған бірнеше жігіт жабылып, аяусыз сабап өлтірген. Марқұмның артында анасы, үш баласы мен жары қалған.

“Оның қара күші бар, ешкімге дес бермейді. Не болса да артынан соғып тұр ғой. Бір танысы басынан үш бала теуіп жатқанын көрген. Сол теуіп өлтіріп тұр ғой соны. Тек қана бір адам қазір ұсталып отырған. Ал ол жерде топ болып жабылып тұр. Топтық жаза бойынша көп жылдан алады. Әдейі сол бір адамды ғана ұстап отыр. Бір адамның мойнына ілейін деп отыр”, – дейді марқұмның апасы Эльвира Шарипова.

Полиция дерегінше, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер анықталып жатыр. Әзірге аса ауыр қылмысты жасаған бір  күдікті ұсталған. Ол тергеу барысында кінәсін мойындаған көрінеді.

“Жаппай төбелес болғаны расталған жоқ. Бірақ бірнеше адамның өзара сөзге келгені анықталды. Көшеде екі адам төбелескен. Жәбірленуші алған соққыдан жерге құлап, сол жерде көз жұмған. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қазір қамауға алынды”, – дейді БҚО полиция департаментінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева. 

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте Оралда түнде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында болған төбелес болып, сол жерде бір азамат көз жұмған болатын. 

Талқылау