Павлодарда зейнеткер көршісінің көлігіне "зелёнка" шашқан
Павлодарда зейнеткер көрші әйелмен жанжалдасып қалғаннан кейін, оның көлігіне "зелёнка" төккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Судья Марат Мұсабаев Павлодар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты әйелді ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартқанын хабарлады.
Бұзақылық үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы арқылы анықталған. Зардап шеккен әйел видеодан жоғары қабатта тұратын көршісін таныды. Бұған қоса, сол күні кешке көршісі балағаттап, екі әйел арасында жанжал шыққан. Егде жастағы әйел жасағанын мойындап отыр.
Оған 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 585 теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Мұндай әрекет үшін он тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Алайда зейнеткердің жасы ескерілді.
Зардап шегушіге материалдық шығын азаматтық-құқықтық тәртіпте өтелуі мүмкін.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар