Қазақстанда 2022 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының көлемі артады
Келесі жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 5%-ға өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
"2022 жылдың 1 қаңтарына дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттырылсын", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Қаулыны 2022 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзу жоспарланып отыр.
Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 13 қыркүйекке дейін созылады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды