Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинация паспортын сатып алған Павлодар тұрғыны коронавирустан көз жұмды

Вакцинация төлқұжатын сатып алған алпыс жастағы Павлодар тұрғыны қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде коронавирустық инфекциядан туындаған полисегментальды пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастың өмірі үшін күрес үш аптаға созылды.

Егде жастағы әйел бірнеше күн бойы өзін-өзі емдеген. Денсаулығының жағдайы күрт нашарлағаннан кейін, 29 шілдеде медициналық мекемеге түсті. Осы уақыт ішінде науқасты жоғары дене қызуы, құрғақ жөтел және әлсіздік мазалаған. 

"Науқас толық ем алды. Соңғы күндері жағдайы тұрақсыз болды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, оның жағдайы біртіндеп нашарлады, жүрек қызметін қалпына келтіру мүмкін болмады. Өкінішке қарай, науқас бүгін қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға түскенде ол қытайлық араб өндірісінің вакцинасын алғанын айтқан. Алайда қайтыс болғаннан кейін, оның екпе төлқұжатын елдің басқа аймағына барған кезде сатып алғаны анықталды. 

Талқылау