"Тарақан мен қандала қаптап жүр": Павлодардағы қарттар үйінің жағдайы белгілі болды
Павлодардағы қарттар үйінен қандала мен тарақандар табылған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік комиссия мүшелері желідегі әртүрлі жазбалардан кейін қарттар үйін тексеруге барған. Екі күн бойы қарттар үйінде тексеру жұмыстары жүргізілген.
Желіде белгісіз біреу қарттар үйіндегілер санитарлық талаптарға мүлдем сай келмейтін жағдайда өмір сүретіні туралы жазба қалдырған. Оның сөзінше, мүгедектер лас төсек орын жабдықтары мен сынған ыдыстарды қолданып, дәріні өз қаражатына алуға мәжбүр.
Тексерушілердің сөзінше бұл ақпарат дәлелденген жоқ. Ал қарттар үйінде өткен жасырын сауалнама нәтижесі бойынша қарттардың да, қызметкерлердің де барлығына көңілі толатыны белгілі болды.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"