Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тыржалаңаш қызымыздың үстінде жатыр": Өз әкесі азғындаған бүлдіршіннің анасы оқиға туралы айтып берді

Анар Боранбаева туған қызын күйеуі азғындамақ болған жерінен құтқарып қалған. Жеті баланың анасы болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ащы да болса ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Екі баласымен бірінші күйеуінен ажырасқан Анар Боранбаева екінші рет қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді. Екінші некеден ол тағы 5 перзентті дүниеге алып келген. Алайда күйеуі туған қызын азғындап, бес жастағы бүлдіршінге қорлық көрсетіпті. Келіншек болған оқиғаны есіне алды. 

“2011 жылы таныстық. Ол кезде екі балам болатын. Бірі он жаста, екіншісі сегізде еді. 2012 жылы бірге тұра бастадық. Бес жыл тұрғаннан кейін оның да қызы бар екенін білдім. Екінші күйеуіммен тоғыз жыл тұрдық. Соңғы үш жылда қатты ішетін. Егіз босанғаннан кейін күйеуім үйде отырамын, жұмыс істемеймін деді. Одан кейін іше бастады. Үйдегі барлық нәрсені сата бастады”, – деп еске алды ол.

Бастапқыда Анардың күйеуі қызына қол көтерген. Оны байқаған келіншек көмекке жүгінеді. Алайда күйеуін айыппұлдан кейін қайтадан босатып жіберген. Ал көпбалалы ана күйеуін кешіріп, жөнделеді деп қайтадан қосылған.  

“Күйеуім кәмелетке толмаған балаға азғындық жасау әрекеттері үшін жазаға тартылды. Мен зорлаудың алдын алдым, үлгердім. Жұмыс істеп жүргенмін. Ақша жағынан қысылдық та, басқа пәтерге көшу керек болатынмын. Кешке тоғыздарда келген кезде балалар ұйықтап жатқан. Ертесі көшіп жаттық. Қызым қолын көтерген кезде киімі ашылып қалды. Қарасам денесі көгеріп қалыпты. Шақырып алдым да, мынау не деп сұрасам, “әкем соқты” дейді. Не үшін соққанын білмейтінін айтты. Бұрын балаларға ұрсатын, бірақ соқпайтын. Кешке “Не молчи” қорына хабарласып, не істеймін де сұрадым. Олар кеңес беріп, ертесі қажетті органдарды шақырып берді. Соттан бірнеше күнге қамауға алсаңыз деп сұрадым. Ол айыппұл төлеп шығып кетті. Сосын ол кешірім сұрап келді. Мен екінші рет тұрмысқа шыққан адаммын. Қайтадан ажырасып кетті деген сөзден ұялатынмын. Қайта қосылдық”, – дейді Анар Боранбаева. 

Күйіуі қайтып келгеннен кейін соққының астына алған бес жасар қызына ерекше ықылас білдіре бастаған. Анар күйеуін ісіне өкінгеннен осылай істеп жүр деп ойлаған. 

“Жаз бойы ішетін. Ішкенде де тек қана сол қызыма қажеттіні алып келеді, қалғандарына мән бермейтін. Маған бұл “педофил болуы мүмкін” дегенде мен Құдай сақтасын, олай емес шығар деп жаман ойламауға тырыстым. Басылатын шығар деген арманмен жүрдім. Оның үстіне жүкті едім. Қазанның 19 босандым. Ол күні күйеуім балалармен үйде қалған. Үйге шыққанан кейін балаларым менің жанымнан шықпайтын болды. Сонда сағынған шығар деп ойлайтынмын. Қызым әсіресе қатты жабысатын”, – дейді ол. 



Оқиға болған күні күйеуі балаларды өзім ұйықтатамын деп алып кіріп кеткен. Артынша қызын бөлек алып кетіп, азғындаған. Анар оқиғаның үстінен түскен. Ол күйеуі қашып кетпек болғанын жеткізді. 

“Қарашаның төрті күні қатты ішпеген, сап сау келді. Сегізде келіп, бір кіріп, бір шығып, он бірлерде балаларды ұйықтатамын деді. Мен де өз шаруама кірісіп, басқа бөлмеде жүрдім. Әдетте балаларды ертегі тыңдатып ұйықтататынбыз. Келсем, телефон үстелде тұр, балалардың барлығы отыр, қызым жоқ. Қайда деп баламнан сұрағанда, әкем көтеріп алып кетті деді. Қолымдағының барлығын тастап жүгірдім. Қауіпті сездім. Барсам бөлменің есігі жабық. Әрең дегенде аштым. Көргенімді айтып жеткізу мүмкін емес. Бір ай бойы есімді жия алмадым. Қызымның іш киімін шешіп тастаған, көйлегін көтеріп, өзі тыр жалаңаш қызымыздың үстінде жатыр. Сол кезде үйде көршім болған. Айқайлап соны шақырдым. Күйеуімді теуіп жатып, қызымды шығарып алдым. Қызым дірілдеп, ешнәрсе айта алмайды. Ол ваннаға кіріп кетті. Бірден қорға хабарластым, тез полиция шақыруым керек екенін, оның қашып кететінін айтты. Полицияға хабарластым. Ол душтан шығып, төлқұжатын алып, есікке қарай қашты. Мен оны жібермей ұстап, балконға апарып, итере бастадым. Шығуға тырысты, бірақ ұстап тұрдым. Балконнан лақтырып жібергім келді”, –дейді Анар Боранбаева. 

Күйеуі бұл әрекеттерін әлдеқайда ерте бастаған көрнеді. Бұл туралы Анар сот отырысы кезінде бірақ білген. Қызының психологпен сөйлескен әңгімелерін естігенде ол есін жинай алмай қалыпты. Сот отырысы кезінде туыстары туған қызына азғындық жасаған күйеуін ақтап алмақ болыпты. Тіпті Анарға ақша ұсынып, арызды кері алуын сұраған. 

“Күйеуімнің ағасы ақша да ұсынды. Күйеуім сотта “бұл менің балаларым емес, айдаладан келген балалар” деді. ДНҚ тесті де жасалды. Барлық бала соның балалары. Туған бауыры “Әкесі қызына мұндай жылылық көрсеткенде тұрған не бар. Бізде қазақтарда “әпшу” берші деген салт бар, онда тұрған ешнәрсе жоқ” деді. Мені ЛГБТ өкілі деп те кінәлады. Кешірім сұрайтын ойы болған жоқ. Олар үйіме келіп, туысқандарымен “Біз саған пәтер алып береміз, ақша береміз, шығарып алайық” деп айтты. Мен тоғыз жыл өзім таяқ жедім. Оған кешірім жоқ. Шынымен жақсы көрдім, жанұя құрғым келді. Бірақ аяғында осындай жағдай болды”, – деп түсіндірді ол. 

Анардың балаларының әлі күнге дейін бойындағы қорқынышы сейілмеген. Тіпті қызы да ер адамдардан алшақ жүретін көрінеді. 

“Қыздарды үндеме, ұят болады, үйде отыр, ешкім білмесін деп тәрбиелейміз. Өзім де сондай әйелдердің бірімін. Ұят деп ұрғанын да, қорлығын да жасырып келдім. Бірақ осы жолы қызымды ренжітті. Бес жастағы қызым үлкен адамдар сияқты ойланады, үлкендерше сұрақ қояды. “Әкемнің түрмеге отырғанына мен кінәлімін бе, мен айтпауым керек пе еді” дейді. Қазір де әкем келмейді ғой, болды ғой деп сұрайды. “Сен оны кешірдің бе?” дейді. Кешірдім, бірақ енді кіргізбеймін деп жауап беремін. Қызым еркектерден қорқады. Бізді “педофил отбасы” деп айтып, балаларымның жанына балаларын жолатпайтындар да бар”, – дейді келіншек. 

Талқылау