Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің шекара ведомстволарының әскери қызметшілері арасында атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 шілде сағат 17:00 шамасында болған.

“Атты шекарашылар отряды кезекшілік кезінде күтпеген жерден Тәжікстан шекарашыларының шабуылына тап болыпты. Осыдан кейін әскери қызметкерлер арасында атыс басталған. "Оқиға құрбандары туралы ақпарат нақтылануда. Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Баткен облысы бойынша Шекара қызметінің басшысы Кыялбек Толонбаев пен қауіпсіздік органдарының жетекшілері мән жайды білу үшін оқиға орнына арнайы барды. Шекара қызметінің өкілдері бұл фактіні тексеріп жатыр", – деді ведомство.



Ал Тәжікстан қақтығыс себептерінің өзіндік нұсқасын атады. Орталық Азияның жаңалықтар қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиғаға қырғызстандық шекарашылардың заңсыз түрде Тәжікстан аумағына өтуге әрекеттенуі себеп болған.

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында атыс басталып, екі ел арасындағы қарулы қақтығысқа ұласты. Соңғы рет 28 сәуірден 1 мамырға созылған қарулы жанжалдан 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қаза тапқан. Одан бөлек, екі тараптан 300-ге жуық адам зардап шеккен.  

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тоқтаусыз атыс болып жатқанын хабарлаған едік. Бұдан соң Қырғызстан президенті Тәжікстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Талқылау