Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы президентінің қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мен Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты қатты алаңдаушылықпен қабылдадым. Қырғыздар мен тәжіктер біз үшін бауырлас, бізді ортақ тарих пен мәдени құндылықтар біріктіреді. Қарулы қақтығыстың аяқталуын және екі мемлекеттің өкілетті өкілдері арасындағы келіссөздердің басталуы туралы келісімді құптаймын. Мен Қырғызстан мен Тәжікстан басшылары өздерінің ақыл-парасаттарын көрсете отырып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешеді деп сенемін. Мен өз тарапымнан өзара қолайлы шешімдер табуға және өзара сенімділікті қалпына келтіруге күш салуға дайынмын, мұндай шекара оқиғаларын шешу механизмін Орталық Азия мемлекет басшылары келесі Консультативтік кездесу шеңберінде жасауға болады», - делінген Қазақстан президентінің мәлімдемесінде.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада атысты тоқтату туралы келісімге келді. Қырғызстан шекарадағы қақтығыс кезінде 31 адам жараланып, бір адам қаза тапты деп мәлімдеді. Тәжікстан үш адамның қаза болғанын және 30 адамның жараланғанын хабарлады.

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тоқтаусыз атыс болып жатқанын хабарлаған едік. Күні кеше Қырғызстан президенті Тәжікстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Талқылау