Қырғызстаннан Қазақстанға құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінді: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты
WhatsaApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Ауру жұқтырған малдың еті Қазақстанға әкелінген жоқ. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сауалына берген жауабында айтылған.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу қолданылады. Шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады", - делінген ведомство жауабында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"