Ай мен жылды дұрыс жазудың жолдары
Ай атауларын қолданылудың өзіндік ерекшелігі мен ережелері бар. Дата мен ай атауы арасында дефис қойылмайды, ай атауы бас әріппен жазылады. Бүгінгі шығарылымда осыған қатысты жиі жіберілетін қателіктерге тоқталамыз.

Ғалым Рабиға Сыздық өзінің «Қазақ тілінің анықтағышы» деген еңбегінде: «Айды, жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және «жылы» деген сөздердің арасына дефис қойылмайды» деп көрсетеді. Мысалы, 27 қазан, 1994 жылы және т.б.
Емле ережелерінде тағы да елене бермейтін қателердің бірі – мереке күндерінің алғашқы сөзі цифрмен таңбаланса, ай аттарын бас әріппен жазбайтынымыз. Бұл да ғалымның «Қазақ тілінің анықтағышы» деген еңбегінде көрсетіледі. Мысалы, 22 Наурыз, 9 Мамыр.

Дефис қойылатын орындарды мына мақаламыздан көріңіздер.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан