Қостанайда полиция қызметкері ер азаматты атып өлтірді деген күдікке ілінді
Қостанайда полиция қызметкері ер азаматты атып өлтірді, оған екі тұрғынның арасындағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс түнде сағат үштер шамасында Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде болған.
"Қостанай облысының полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен ("Кісі өлтіру") 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан. Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді полицейлер.
Күдікті - полиция қызметкері.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тергеу басталды", - делінген ресми хабарламада
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ