Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су добынан Олимпиада жолдамасы қоржынға түсті

Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді. Бұл жолы су добы спортынан ұлттық құрама төртжылдықтың басты додасына лицензияны ұтып алды.

поло

Олимпиада жолдамасы ойнатылатын Азия іріктеуі турнирі өткен жылы Нұр-Сұлтанда өтуі қажет еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыс ақпан айына шегірілген.

Дегенмен әледегі коронавирус ахуалы әлі жақсармағанына байланысты Азия федерациясы құрлықтық доданы өткізбеуді шешті. Олимпиадаға қалған жолдамалар ұлттық құрамаларға үлестіріліп берілді.

Роттердамда өткен Токио олимпиадасының ресми жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы да қатысты. Су добының Азия федерациясы олимпиадаға жолдаманы Джакартада өткен Азиада жеңімпаздарына беруді жөн көрепті. 

Су добынан Қазақстан құрамасы олимпиадада В тобына түсіп, Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания, Черногория құрамаларына қарсылас атанды. Ал А тобында Оңтүстік Африка, АҚШ, Венгрия, Грекия, Жапония, Италия ұжымдары өнер көрсетеді. 

Айта кетерлігі, су добынан Қазақстан құрамасы 2000 жылғы Сидней, 2004 жылғы Афины және 2012 жылғы Лондон олимпиадаларына қатысқан. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасына 44 спорт түрінен жолдама бар. 

Талқылау