Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей чемпионатына ауысты
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады. Бұл туралы ресейлік "Крылья Советов" клубы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
25 жастағы футболшы Абат Айымбетов жаңа командасында 9 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Әзірге оның келісімшарты қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.
Биылғы маусымда қазақстандық шабуылшы "Қайраттың" сапында 20 мәрте алаңға шығып, чемпионаттың үздік сұрмергендігіне таласқан. Ал маусым қорытындысы бойынша 16 жылдан кейінгі үзілістен соң "Қайраттың" чемпион атануына үлесін қосты.
Қысқы трансферлік кезеңде Абат Айымбетов Ресейдің "Урал" командасына қаралымнан өткен. Артынша "Арсеналдан" ұсыныс болған. Алайда футболшы "Крылья Советов" клубымен келісімшартқа отыруды жөн көріпті.
"Крылья Советов" командасы Ресейдің деңгейі жағынан екінші лигасында бақ сынайды. 26 турдан соң чемпионат кестесінде екінші орында келе жатар.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған