Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі елдің азаматтығын алған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Сот қос елдің азаматтығын алған Шымкент қаласының спорт бөлімінің басшысына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шенеунік Шымкент қалалық полиция департаментіне қарсы арыз жазған. Бірақ сот шағымды қанағаттандырмады.

Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұрады.

"Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей азаматтығын алғанын және оның паспортпен құжатталғанын сенімді түрде анықтады. Дерек құдат көшірмесімен расталады. Бұл факт Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша хатымен және Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің жауаптарымен расталды.  Почивалов және оның өкілі сотқа теріске шығарудың дәлелдемелерін ұсынбаған. Осылайша, сот полиция бөлімінің іс-әрекетінде азаматтықтан айыру ісіне қатысты заң бұзушылықтар анықтаған жоқ", - деді судья Нұрғали Исмаилов.

Еске салсақ, Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы расталды. Бұл фактіні Шымкент полициясы анықтады. Бұған дейін қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған. Енді шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

 

Талқылау