Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған келіншектер жүкті бола ала ма: Маман түсіндірді

Коронавирустық пандемияға байланысты мамандар жақын арада жүктілікті жоспарламаған жөн екенін айтады. Мамандар вирус пен вакцинацияға байланысты осындай кеңес бергенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ сарапшысы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы, акушер-гинеколог Любовь Ерофеева инфекцияның өзі ғана емес вакцинация да жүктілікке зиян келтіруі мүмкін екенін айтты. 

Дәрігер жүкті аналарға вакцинация жасалмайтынын айтты. Өйткені бұл баланың денсаулығы мен өмірі үшін аса қауіпті.

"Вакцина еккеннен кейін келіншектер акушер-гинекологпен кеңесіп, кем дегенде алты ай жүкті болмауы керек", - дейді ол. 

Дәрігер анасының ағзасындағы коронавирус балаға берілуі ықтимал екенін айтты. 

Сарапшы жүктілікке дейін коронавирусқа қарсы антиденелердің бар-жоғын тексеруге кеңес берді. Ерофееваның айтуынша, коронавирустың ауыр түрімен ауырған адамдарда иммунитет қалыптасып үлгермейді. Антиденелердің қуаттылығы екі-үш айға дейін ғана қорғай алады. Ал вакцинациядан кейін екі жылға жуық уақыт бойы адам ағзасы вирусқа қарсы тұра алады. 

Гинеколог бала көтеріп жүргендер сыртқы байланыстарды барынша азайтуы керек және дәрігерден кеңес алуды қажет екенін айтты. Репродуктивті жастағы әйелдер вакцинаны неғұрлым ертерек алса, соғұрлым олар жүктілікті тезірек жоспарлай алатынын айтты дәрігер. 

Талқылау